Жұмысына оралған Асқар Мамин жиын өткізді

Вирустық инфекцияға байланысты оқшауланған премьер-министр Асқар Мамин жұмысына қайта оралды. Шенеуніктің Covid-19-ға тапсырған екі сынамасы да теріс нәтиже көрсеткен. Одан бөлек, бұл процесстен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров, Экология және геология министрі Мағзұм Мырзағалиев сынды бірқатар ведомство басшылары да өткен. Қорытынды бойынша аталған тұлғалардың коронавирус жұқтырмағандығы анықталып отыр. Осы ретте, оқшаулану мерзімі аяқталғандықтан, Асқар Мамин бүгін Үкімет қабырғасында жиын өткізіп, жауапты министрге еліміздегі машина жасау өндірісін дамытуды тапсырды. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top