ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛДЕРІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде «ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛДЕРІ» (МТIJ) атты дәстүрлі V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен халықаралық журналистиканың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынды бесінші рет өткізді. Аталмыш конференция бүгінде академиялық орта мен практик мамандардың, халықаралық ұйымдар өкілдерінің маңызды пікірталас, тәжірибе алмасу алаңына айналды. Конференция жұмысына АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Украина елдерінен танымал ғалымдар қатысып, тұрақты даму мақсатындағы журналистік білім беру, онлайн білім берудегі түйткілді мәселелер мен COVID-19 пандемиясы кезіндегі қашықтан оқытудың өзекті мәселелерін талқылады. Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстанд
Back to Top