Елорда іргесіндегі 96 разъезд тұрғындары өз үйлерінің жанындағы медициналық қалдықтарды жоюға арналған цехтың жұмысына қарсы. Өйткені, ол жерден шыққан түтіннен демалу мүмкін емес дейді. Жеке кәсіпкермен 4 жылдан бері күресіп келе жатқан жұрттың шыдамы әбден таусылыпты. Нұр-Сұлтанның барлық медициналық мекемелерінен шыққан қоқыс осында төгіледі екен. Тіпті, әлеумет адам қалдықтары сол маңдағы қаңғыған ит-мысықтардың жемтігіне айналуда деп дабыл қағып отыр.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан