“Бізден басқа ешкім емес“

9 мамырда Нұр-Сұлтанда қолшатыр ұстаған белгісіз екі адам Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтірді. Нұр-Сұлтан полициясы “Мәңгілік полк“ шеруі өтіп жатқан маңда “Никто кроме нас“ (Бізден басқа ешкім емес) деген жазу жазылған тақтайшамен жүрген адамды ұстады. Азаттықтың операторы полицияның осы әрекетін түсіріп жатқанда екі адам қолшатырмен камераны көлегейледі. Полиция адамды не себепті ұстағанын айтпады. Ал Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің өкілі Бақытжан Малыбаев Азаттық тілшісіне 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған шара тыныш өтіп жатқанын, полиция ешкімді ұстамағанын айтты. Толығырақ:
Back to Top