ҚАЗҰУ «ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» ЖӘНЕ 19 ҒЗИ-МЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«Ғылым ордасы» ғимаратында өткен жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары форумында білім мен ғылым интеграциясы мәселелері талқыланып, ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Ауқымды шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Серік Сейдуманов және өзге де жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты.
Back to Top