ҚАЗҰУ ҚАЛАШЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚазҰУ қалашығы құрылысы ІІ кезеңінің басталуына байланысты естелік капсула салынды. 2022 жылы 1 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келіп, қызметімен танысты.Сапары барысында Президент ҚазҰУ қалашығы құрылысы ІІ кезеңінің Бас жоспарына үлкен қолдау білдіріп, бекіткен болатын.Жоспар бойынша қалашықта 14 700 орындық оқу ғимараттары, 12 мың шаршы метр әкімшілік корпустар, 35 000 шаршы метр емхана, 3000 шаршы метр спорттық-сауықтыру орталығы, қызметкерлерге арналған тұрғын үй, инновациялық орталық, ғылыми-зерттеу орталығы, технопарк және студенттер мен магистрларға, докторанттарға үш гектар жерге 12 мың төсек-орынға арналған жатақханалар бой көтереді.Сондай-ақ қолданыстағы жатақханалар, оқу корпустары мен әкімшілік ғимараттар күрделі жөндеуден өтетін болады.
Back to Top