ҚАЗҰУ-ДА ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-инновациялық көрме өтті. Онда қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары әзірлеген коммерцияландыруға дайын жобалар ірі компания басшылары мен бизнес өкілдеріне таныстырылды. Көрменің басты мақсаты – ғылым-білім-өндіріс арасында байланыс арттыру, ғылымды бизнес арқылы дамыту.
Back to Top