Алматы тұрғыны “тіл талаптарын орындамаған“ супермаркетті сотқа берді

Алматы тұрғыны Қуат Ахметов қаладағы ірі сауда дүкендерінің бірі “Арзан“ супермаркетін сотқа берді. Шағым берушінің айтуынша, супермаркет “тауарлардың атауын қазақ тілінде жазбай, ескертуді орындамаған“. 25 қазанда оның шағымы бойынша Алматының Алатау аудандық сотында алдын ала сот тыңдауы өтті. Ахметовтің шағымы бойынша өткен Алатау аудандық сотындағы алғашқы отырыста судья Дәурен Айқұлов істі Алмалы аудандық сотының қарауына беретінін мәлімдеді. Себебі, сауда орталығының иесі “Оптовый клуб“ компаниясының заңды мекенжайы сол ауданда орналасқан.
Back to Top