Алматыда мешіттерде ұрлық жасап жүрген ұры ұсталды
Полиция қызметкерлері Алмалы ауданындағы мешіттердегі төрт ұрлықтың бетін ашты.
Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.
«Б.есімді азамат ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, намаз кезінде белгісіз біреу оның жеке мүлкін ұрлап, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қаскөйдің осыған ұқсас 4 ұрлыққа қатысы бар екендігі белгілі болды. Аталған деректер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады», - деді, Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдімасаров.
Қазақстан ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
——————————————————————————-
Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы
Четыре кражи в мечетях Алмалинского района раскрыты сотрудниками полиции.
По подозрению в совершении этих преступлений задержан 40 -летний житель Алматинской области.
«Гр.Б. в момент совершения кражи попал на камеры видеонаблюдения. По словам одного из потерпевших, во время намаза неизвестный, путем свободного доступа, похитил его личное имущество, причинив материальный ущерб на сумму 200 тысяч тенге. Установлено, что злоумышленник причастен к 4 подобным хищениям. Указанные факты объединены в одно производство, проводится досудебное расследование. Сам задержанный вину свою признал», - отметил начальник отдела полиции при УП Алмалинского района Батуржан Абдумасаров.
В соответствии со ст.201 УПК РК иная информация в интересах следствия распространению не подлежит.
В соответствии с подпунктом 1 пункта 3 статьи 77 Конституции РК и частью 1 статьи 19 УПК РК, каждый считается невиновным пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.
1 view
548
171
9 months ago 00:00:28 1
Алматыда мешіттерде ұрлық жасап жүрген ұры ұсталды