Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен шетелдіктер ұсталды
Олардың қылмыстық әрекеттерін есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шара барысында әшкереледі.
Пәкістан мен Үндістанның екі азаматы Алматыда есірткі кәсібін бастаған. Олардың бірі Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды.
«Күдіктілер өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін жеке үйді жалға алған - бір қызығы, «Мяу» фильмінің кейіпкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырған үйді. Тұрғын үйді тінту кезінде сатуға дайын аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі, зертханалық жабдықтар, прекурсорлар табылды және тәркіленді. Шетелдіктердің жұптасып жұмыс істегені анықталды: бірі есірткіні «қайнатса», екіншісі оны бетбелгі қою арқылы таратқан. Айтпақшы, іздестіру шаралары қаскөйлердің тұрғылықты жерінде де жүргізілді. Олар «синтетика» бар байламдарды жатын бөлмесінде сақтаған. Тәркіленген синтетикалық психотроптық заттардың жалпы салмағы 4 келіден асады. Күдіктілер қамауға алынды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
——————————————————————————
Иностранцы задержаны в Алматы по подозрению в наркопреступлениях
Их преступная деятельность разоблачена сотрудниками подразделения по противодействию наркопреступности в ходе спецоперации.
Наркобизнес в Алматы развернули двое граждан Пакистана и Индии. Один из них является студентом одного из вузов Алматы.
«Для осуществления своей преступной деятельности подозреваемые арендовали частный дом - по иронии судьбы, то жилище, где герои фильмы «Мяу» организовали нарколабораторию. В ходе обыска дома обнаружены и изъяты лабораторное оборудование, прекурсоры и готовые к реализации наркотики синтетического происхождения в особо крупном размере. Установлено, что иностранцы работали в паре: один «варил» наркотик, другой – распространял путем закладок. К слову, обысковые мероприятия были проведены и п месту жительства злоумышленников. Свертки с «синтетикой» хранили они в спальной комнате. Общий вес изъятых синтетических психотропных веществ составил более 4 килограмма. Подозреваемые арестованы», - информировал заместитель начальника Департамента полиции города Алматы полковник полиции Куатбек Науатов.
В соответствии со ст.201 УПК РК иная информация в интересах следствия распространению не подлежит.
В соответствии с подпунктом 1 пункта 3 статьи 77 Конституции РК и частью 1 статьи 19 УПК РК, каждый считается невиновным пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.
1 view
521
120
5 months ago 00:00:41 1
Алматыда тағы бір есірткі зертханасы жойылды
5 months ago 00:00:33 1
Алматыда есірткі зертханасы жойылды
9 months ago 00:01:11 1
Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен шетелдіктер ұсталды
1 year ago 00:00:31 1
Алматыда түнгі клубтың бармені есірткімен ұсталды
2 years ago 00:01:22 1
Алматы полициясында Рүстем Қайдаровты еске алу кеші өтті