Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
#заңментәртіп
#законипорядок
#dp_almaty #polisiakz #qriim_mvdkz #qriim_mvdrk
#vazhno_znat #nashapolisia #skazano_sdelano
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
Еске салайық, 2023 жылдың жазында өнеркәсіптік ауқымда синтетикалық есірткі өндіру үшін елге прекурсорларды жеткізуді жолға қойған көршілес мемлекеттердің азаматтарынан тұратын трансұлттық есірткі тасымалы тобының қызметі тоқтатылды.
Белгілі болғандай, айыпталушылар Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын құрып, синтетикалық есірткі жеткізушілері мен бетбелгі қоюшыларды «жұмысқа» тартуды көздеген.
Халықаралық қылмыстық топты қолға түсіру Ішкі істер Министрлігі мен Алматы полициясының жүргізген жедел жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.
Әрбір қатысушының рөлін және басқа да адамдардың қатысуын анықтау үшін «арнайы жүк» оның бүкіл бағыты бойынша, соның ішінде әуе барлауын қолдану арқылы бақыланды.
Прекурсорлар мен жабдықтарды тасымалдауды, оның ішінде шекарадан өтуді құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия атын жамылған логистикалық компания жүзеге асырғаны белгілі болды.
Арнайы іс-шараның әртүрлі кезеңдерінде полиция қызметкерлері прекурсорлардың контрабандасымен айналысқан үш шетелдікті ұстады.
Соңғы кезеңде Алматыда қалған айыпталушылар – көрші елдің екі азаматы мен Қазақстан азаматы ұсталды, олардан мефедрон мен шет мемлекеттің құқық қорғау органы қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді.
Жалға алынған қоймаларды рұқсат етілген тінту барысында психоактивті заттарды синтездеуге арналған 1160 бөшке әртүрлі прекурсорлар, «синтетика» өндіруге арналған 7 қорап арнайы зертханалық жабдық, екі реактор және 5 химиялық құрал-жабдық табылып, тәркіленді.
Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі шамамен 73 тоннаны (72,7) құрады. Осылайша полицейлер 8 тонна синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойды. Бұл 8 миллион бір реттік доза.
Алматы прокуратурасының көмегімен ҚК-тің 264-бабы «Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
———————————————————
Участники транснациональной ОПГ осуждены в Алматы
Напомним, деятельность транснациональной наркогруппировки из числа граждан сопредельных государств, наладившей поставку прекурсоров в страну для производства синтетических наркотиков в промышленных масштабах, пресечена в летом 2023 года.
Как установлено, фигуранты намеревались развернуть несколько нарколабораторий в Казахстане и привлечь к «работе» поставщиков и закладчиков «синтетики».
Задержание международной преступной группы стало возможным в результате глубокой оперативной разработки Министерства внутренних дел и алматинской полиции.
Для определения роли каждого фигуранта и причастности других лиц на протяжении всего маршрута “специальный груз” отслеживался, в том числе с применением воздушной разведки.
Установлено что перевозка прекурсоров и оборудования, в том числе пересечение границы, осуществлялась логистической компанией под видом стройматериалов и бытовой химии.
На разных этапах специальной операции сотрудниками полиции были задержаны трое иностранцев, причастные к контрабанде прекурсоров.
На завершающем этапе в Алматы задержаны остальные фигуранты - двое граждан ближнего зарубежья и гражданин Казахстана, у которых изъяты мефедрон и поддельное удостоверение сотрудника правоохранительных органов иностранного государства.
В ходе санкционированных обысков в арендуемых складах обнаружено и изъято 1160 бочек с различными прекурсорами для синтеза психоактивных веществ, 7 ящиков специального лабораторного оборудования для изготовления «синтетики», два реактора и 5 комплектов химического оборудования.
Общий объем изъятых прекурсоров составил почти 73 тонны (72,7). Таким образом полицией не допущено изготовление 8 тонн синтетических наркотиков. Это 8 млн. разовых доз.
При содействии прокуратуры Алматы проведено досудебное расследование по ст.264 УК «Создание и руководство транснациональной организованной преступной группы».
Четверо участников данной ОПГ приговором Специализированного межрайонного суда по уголовным делам города Алматы признаны виновными в совершении указанных преступлений и приговорены от 10 до 14 лет лишения свободы.
1 view
4113
1540
6 hours ago 00:01:31 1
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты