Алматыда індет жұқтырғандар спорт кешендеріне жатқызылады

Алматыда короновирус жұқтырған науқастар енді спорт кешендеріне жатқызылады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді. Қаланың бас дәрігерінің айтуынша провизорлық төсек-орындар 90%-ға, инфекциялық төсек-орындар 95%-ға толған. Қауіпті індетті жұқтырғандар қатарының күн санап артуына орай бірқатар спорт кешендері мен ауруханаларды провизорлық госпитальға айналдыру көзделуде. Бүгінгі күні қала стационарларында 1388 пациент ем алуда. Оның 20-сы хал үстінде болса, 150-інің жағдайы ауыр. Мыңнан астам пациенттің жағдайы орташа болса, тек 194 науқастың күйі қанағаттанарлық дәрежеде екен. Айта кетейік жағдайлары ауырлағандардың 80 пайызы жасы 60-тан асқандар. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top