Covid-19: Сырттан жұқтырып келгендер көбейді – жалпы жағдай

#КТКжаңалықтары Індет тағы үш адамның өмірін жалмады. Екеуі – Алматыда, ал біреуі Ресейде көз жұмған. Марқұмдар дертті жұқтырғанға дейін де талай ауруы болған екен. Ал вирус одан сайын асқындырып жіберіпті. Сондай-ақ, бүгін тағы 64 адамнан ауру белгісі табылды. Осылайша елімізде індетке шалдыққандар 2 мыңға жуықтады. Жаңадан анықталған науқастардың көбі  Ресейден вахталық әдіспен жұмыс істеп, елге қайтып келгендер.  #дерт #індет #COVID19 #coronavirus #коронавирусҚазақстан #қазақстандықтар #жұқтырғандар #марқұмдар
Back to Top