Көлік жолында жүру – қауіп, сондықтан жолда жүру ережелерін ұмытпау қажет. Ересектердің бұл ережелерді саған түсіндіруін сұра. Жол белгілерін жаттап ал және оларды қатал сақта!
• Жолға жақын және жолдың көлік жүретін бөлігінде ойнама – бұл аса ҚАУІПТІ!
• Көшені бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт!
• Жолды бағдаршам немесе жаяу адамға арналған жол бар жерден өт!
• Жолдан өтерде абай бол, әңгімеге көңіл аударма!
• Жолдан өтерде алдымен солға, сонан соң оңға қара!
• Көлікке отырарда және түскен кезде оның толық тоқтауын күт!
• Жолдан асықпай өт!
• Автобуста келе жатып, ұстағыштардан ұстап тұр!
• Жеңіл көлікте артқы орындыққа отыр және есіктің жабық екеніне көзіңді жеткіз!
• Жүріп келе жатқан көліктің терезесінен басыңды шығарма!
• Жолдың көлік жүретін бөлігінде велосипед, роликті коньки, немесе скейтборд теппе!
Жолда жүру ережелерін сақтасаң, сен өзіңді жарақаттар мен қайғылы оқиғалардан сақтайсың!
Осы қарапайым ережелерді есіңде сақта және олар туралы достарыңа айтып бер!
1,013 view
1165
336
3 years ago 00:06:42 1
Турникке тартылып үйрену. Қолды жаттықтыру. Банка бицепс