Алматы облысындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі енді халықаралық стандартқа сай білім береді.

Алматы облысындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі енді халықаралық стандартқа сай білім береді. Оқу орны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге аса бастаған «Жас маман» жобасын енгізді. Қазір білім ордасының материалдық техникалық базасын нығайту және модернизациялау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар инновациялық оқыту тәсілдер де енгізілуде. Шетелдік оқу орындарымен және жергілікті шаруа қожалықтарымен де тығыз әріптестік байланыс орнатылған.
Back to Top