Алматы облысында төтенше жағдайда көмек көрсететін қызметтердің халықаралық оқу-жаттығуы өтті.

Алматы облысында төтенше жағдайда көмек көрсететін қызметтердің халықаралық оқу-жаттығуы өтті. Іле өзенінің жағалауында төтеншеліктердің «Жер-2021» халықаралық оқу-жаттығулары өткізілуде. Алматы облысындағы жартасты қала деп аталатын полигонда бірнеше мемлекеттің құтқарушылары табиғи және техногенді апаттар кезінде қоян-қолтық әрекет ету тетіктерін пысықтамақ. «Өздеріңіз білетіндей, еліміздің шығыс аймақтары мен Алматы облысында сейсмикалық толқулар, жер сілкіністері жиі болып тұрады. Осы мақсатта біз өзіміздегі мүмкіндіктермен бірге, өзге де шетелдегі құрал-жабдықтарды көріп шықтық. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде төтенше жағдай болған кезде бір-бірімізге көмектесуге әзірміз», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Back to Top