Соққыға жығылған бозбала ауруханада көз жұмды

Шымкентте соққыға жығылған бозбала ауруханада көз жұмды. Басынан ауыр жарақат алған Абзал Ұтқыров он тәуліктен бері балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінде ес-түссіз жатқан болатын. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасағанымен, оны өлімнен арашалап алып қала алмады. Енді қара жамылған отбасы кінәлілердің қатаң жазаға тартылуын қалап отыр. Алайда, қалалық прокуратура мен полиция департаменті бұл іске қатысты ешқандай мәлімет берер емес. Сондықтан, марқұмның туыстары тілшілерден көмек сұрауға мәжбүр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top