Әкесі арматурамен ұрып, денесінің сау тамтығы қалмаған 8 жастағы бала ауруханаға түсті. Қатыгез әкеден қашқан оған көшедегі жандар көмек берген. Көп ұзамай әлеуметтік желіге тараған видеодан өз ұлын таныған шеше де ауруханаға жетті. Алайда ол соққыға жығылған өз ұлын кіналап отыр. Сонда туған ұлын осыншалық қорлаған кім? Оны қандай жаза күтіп тұр?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан