Елімізде шетелден әкелінетін барлық тауардың бағасы бұдан былай бірден екі есеге қымбаттауы мүмкін. Себебі, импортталатын тауарлардың кедендік құны аяқ-астынан үш есеге көтеріліп кетті. Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жағдай тіпті ушыққан. Бір аптадан бері тұралап тұрған жүздеген жүк көлігін кеденнен өткізуге кәсіпкерлердің шамасы жетер емес. Өйткені, Алматы қалалық мемлекеттік кіріс департаменті тауарлардың кедендік құнын үш есеге көтеру туралы шешім шығарған.