Навальный, Алматыдағы аурухана мен жаңа локдаун туралы

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа болжамын ұсынды. Цойдың сөзінше, коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында болады. Бар үмітіміз тек вакцинада дегенге нұсқады. Сәйкесінше 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды. Одан бөлек Алматыда 18 күнде салынып біткен Covid жұқтырғандарды емдейтін аурухана есіңізде болар. Аурухана құрылысына деп бөлінген 5,5 миллиард теңгенің 3,9 миллиарды, яғни жартысынан көбі жымқырылды деген хабар тарады. Ал әкімдік күдікке ілінген әрі бастапқыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстап әкетті деген шенеунікті ақтап, “жоқ, ол жұмыс орнында отыр” деп видео-фотосын таратып, әбігерге түсті. Әкімдіктің осылайша шапшаң қызмет ете алатынын көріп таңқалдық.
Back to Top