Әкім бол, халқыңа жақын бол. Қазақ қазақ болғалы айтылып келе жатқан осынау бір тіркестің өзектілігі жойылған емес. Қай дәуірде болмасын, басшыны бұқараға жақын болуға, халықтық шешімдерді қабылдауда белгілі бір дәрежеде кеңесшілер ықпал ететін. Хан-сұлтандар заманында уәзірлер, кейіннен дала демократиясының діңгегіне айналған билер институты да осы миссияны тамаша атқарып келгенін тарих көрсетіп отыр.
Енді о заманнан бұ заманға өтейік. Бүгінгі әкімдер, министрлер, керек десеңіз президенттің төңірегінде де кеңесшілер жоқ емес. Мәселен Ақмола облысы әкімі кеңесшілерінің бірі 22 жасар бойжеткен. Бұлар кімдер, қандай міндет атқарады? «Бас басына би болған өңкей қиқым» ба, әлде «жас келсе іске» деген қағида ма?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан