Алматы облысы Көпбірлік ауылының 2 тұрғыны Балқаш көліне балық аулауға барып, суға батып кетті. Бұл туралы хабар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне наурыздың 7-і күні түскен.
Оқыс оқиғаның мән-жайы әлі тексеріліп жатыр. Қолда бар ақпараттарға қарағанда балықшылар ауыл маңайындағы көлге «УАЗ» автокөлігімен барған. Ал соңғы бірнеше тәулікте аймақта күн күрт жылынып, мұз жұқарған. Төтенше жағдайлар мамандары көлге барған 2 балықшы көлігімен мұз астына түсіп кеткенін айтады.