Ислам үмметін артта қалдыруға себеп болған келесі мәселе - бұл Дәрул-Куфр болып табылады.
Дәрул-Ислам мен Дәрул-Куфр анықтамасын түсініп алайық. Ислам заңдары үстемдік құрған, мұсылман елдерінің жерлерін Дәрул-Ислам яғни Ислам аймағы деп атайды. Сәйкесінше мұсылман емес елдердің жерлерін Дәрул-Куфр яғни Күпірлік аймағы деп атайды. Аталмыш терминдер алғаш рет 9-10 ғасырларда пайда болған. Содан соң бұған қатысты мыңдаған пәтуалар шығып, том-том кітаптар жазылған.
Мысалы мәлики мәзхабының шейхі Абдуллах ибн әл-Әһдәл Хусейннің «әс-Сәйфул Баттар» кітабында: «Ширк адамдары билік ететін елге барған адамның үкімі – ауыр күнәға бой алдырған бұзақы болмақ. Егер ол күпірлікке разылық білдірмеген жағдайда ғана. Олай болмаған жағдайда, ол адам кәпір болады», - деп жазылған.
«Әл-Муқаддимәт уәл Мумаххидәт» кітабында (3-ші том, 374-ші бет): «Мұсылмандарға сауда жасау немесе басқа да себептермен ширк аймағына баруға тыйым салынады. Тек тұтқынға түскен мұсылмандарды сатып алу жағдайынан басқа. Сәйкесінше кімде-кім күпірлік жеріне мәжбүрліксіз өз еркімен барса, ол адам айыпталуы тиіс және имамдық қызметінен шеттетілуі қажет», - деп жазылған.
711-795 жылдар аралығында өмір сүрген әйгілі имам Мәлик пен оның шәкірттері де осыған ұқсас көзқараста болған. Ал басқа діни кітаптарда Дәрул-Куфр аймағында сауда жасаушы адам, өз еліне қарсы тыңшы болуы ықтималдылығы айтылады. Себебі кәпірлер олардан мұсылман елдеріндегі рухани, саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелер турасында сұрастырып білуі туралы қауіптенеді. Осылайша Дәрул-Куфр елдеріне саяхаттау былай тұрсын, тіпті сауда жасауға да рұқсат болмаған. Бұған бағынбаған адамды бұзақы немесе пасық деп жазалаған.
Көріп отырғандарыңыздай, бұл пәтуалар мұсылмандардың аяқ-қолына тұсау салып, өзге елдерге ғылым-білім игеру мақсатында баруға мүмкіндік бермеген. Осылайша жабық саясатты ұстанып, ғасырлар бойы Еуропадан оқшауланып өмір сүруге алып келген. Осының салдарынан ғылыми зерттеу жұмыстары бәсеңдеді. Әлемдік ғылыми зерттеулерге жол жабылып, интелектуалды изоляция басталды. Нәтижесінде 16-17 ғасырда басталған Еуропаның ғылыми-технологиялық прогресі әскери-экономикалық артықшылыққа айналғанға дейін мұсылмандар ұйқылы-ояу күйде өмір сүрді. Тіпті байқамай да қалды. Ақыры еуропаның отарында қалды.
#ОянМұсылман #ИсламиРенессанс #ҒылымнанАрттаҚалу #ЖәдидшілдікИслам
1 view
574
171
8 months ago 00:05:40 1
HasSak ethno folk group - MUSIC ANSAU / МУЗЫКА АНСАУ / SONG ANSAU
1 year ago 00:09:08 1
Саяхат немесе Дәрул-Куфр пәтуасы
2 years ago 00:06:21 1
Май басқан ҚАЗАН әп-сәтте жылтырап шыға келді. Бұрын не үшін осылай жумадым? Қазан тазалау
2 years ago 00:11:07 1
ЕСКІ МЫСЫР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ПИРАМИДАНЫҢ АДАМ СЕНГІСІЗ ҚҰПИЯЛАРЫ
3 years ago 00:47:01 1
Моңғолия қазақтары. Баян Өлгийге саяхат
4 years ago 00:01:27 1
Түсініксізді түсіндіру!
4 years ago 00:05:40 5
ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ 2021 | ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ жыл | ТУРКЕСТАН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРУДЕ| НОВЫЙ ТУРКЕСТАН
9 years ago 00:02:21 118
Hit TV; Headliner; Ықылас Тұрсынбек, Selfie репортаж.