Әділдік іздеп шарқ ұрды

Оңтүстік Қазақстан облысы Асықата ауылының тұрғыны Молдағали Әбілев үйіндегі жеке сейфінен 35 мың АҚШ доллары мен 1 млн. 400 мың теңгесін қолды еткен ұрыларды іздеп, шағымданбаған орны қалмаған. Сейф пен қомақты қаржы ұрлығына басқа емес, жергілікті полицейлердің өздерінің қатысы бар деп күдіктенеді ол. Бір қызығы, жазған арызында 40 мың доллар деп көрсетсе де, тергеушілер сейфте 35 мың доллар болғанын нақты дөп басып айтқаны арыз иесін таңқалдырып отыр.
Back to Top