Пәтер жалдаушылар 15 мыңды ала алмай ма?

Елімізде 4 млн-нан астам адам 42 мыңға қол жеткізді. Жылап жүріп, жырлап жүріп мемлекет көрсеткен көмектің эпопеясы аяқталуға жақын. Енді жаңа бір дастанның парағы ашылып отыр. 15 мың тг. Үкімет карантинде отырған жұрттың екі айлық коммуналдық шығындарын өтемек. Бірақ бәріне бірдей емес. Яғни бірінші кезекте карантин құрсауында отырғандар, екіншіден әлеуметтік осал топқа жататындар. Тағы бір шарт. Баспананың болуы. Таяқтың екінші ұшындағы түйткіл осы жерде шығып тұр. Баспаналы жұрт қай заманнан осал топқа кіруші еді деген көпшіліктің уәжі бар. Қаладағы қалың қазақ пәтер жалдап жүр, сонда бұл көмек кімдерге қарастырылған, - деген базына қазірден айтылып жатыр. Сонымен 15 мың алып кімнің бағы жанады, кім көмектен тыс қалады. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top