“Келдi жаңа жыл“- Полина Митина
Өлеңiн жазған: Ардақ Тошынбай.
Әнiн жазған: Бек Оралбеков.
1.
Ақ ұлпа қары үзiлген,
Көгiнен төгiлген.
Ақ шуақ таңы көркiмен,
Көрiнген төрiнен!
Аяулы ақ мамық күйге ендi айнала,
Әлемi ғажайып сыйын берген тамаша!
Қайырмасы:
Келдi, келдi, мiне, мiне,
Жаңа жылым!
Келдi елге Жаңа жыл!
Келдi, келдi, мiне , мiне
Жаңа жылым!
Келдi төрге Жаңа жыл!
2.
Жаңа күн - жаңа бақытым,
Шаттығым, шалқыдым!
Жаңа жыл - жаңа арманым,
Ардағым, бал шағым.
Әлемдi жайнатып нұрын төккен ғаламға,
Көңiлдi сайратып жалын берген баршаға!