Ал құрбым_Қарақат Әбілдина Мәдина Сәдуақасова

Сөзін жазған: Несіпбек Айтұлы Әнін жазған: Бағлан Бәбіжан Биік таудың басында бал қарағай-ай, Ауылым көшіп барады көл жағалай Ал құрбым, Жолы қиын жұмбақ тағдырдың. Көшіп ауылың кеткенде таудан асып-ай, Болар екен тағдырың әлдеқалай?.. Ал құрбым, Қимасыңды қайда қалдырдың? Ахау, қимасыңды, қимасыңды-ай ал құрбым, Қимасыңды қайда қалдырдың? Көшкен бұлттай ауылың бел асқанда-ай, Жарқырасын жұлдызың көк аспанда Ал құрбым, Жолы қиын жұмбақ тағдырдың. Биік таудың тұманы қалың келер-ай, Тап болғайсың сен іздеп адасқанда-ай Ал құрбым, Қимасыңды қайда қалдырдың? Ахау, қимасыңды, қимасыңды-ай ал құрбым, Қимасыңды қайда қалдырдың? Ахау, жолы қиын, жолы қиын, ал құрбым, Жолы қиын жұмбақ тағдырдың. Жанымда бол, жанымда бол, бұл жалғанда, Ал құрбым, Тар жолында жұмбақ тағдырдың, Қанатында қалқып ән-жырдың.
Back to Top