Алматы полицейлері базарға іргелес орналасқан жалға берілетін бөлмелерді тексерді
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, абаттандыру ережелері, қару-жарақты сақтау ережелері, ашылған мүліктік қылмыстар және т.б. бұзушылықтарды анықтау – Алматы қаласының Наурызбай ауданында жүргізілген бір күндік рейдтің нәтижесі.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ірі базарға жақын орналасқан жеке секторға жергілікті рейдтер жүргізілді.
Тек бір көшенің өзінде тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды: ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы – азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібін бұзу бойынша 54 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы – абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 46 бұзушылық анықталды, оның 6-ы заңды тұлғалармен.
Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде жүрген 23 адам ұсталды. Көрсетілген эпизодтар бойынша ҚР ӘҚбК-нің 440 бабына сәйкес хаттамалар толтырылды.
Сондай-ақ қаруды сақтау және тіркеу бойынша заң бұзушылықтар анықталды - ҚР ӘҚбК-нің 486 бабына сәйкес 3 адам жауапкершілікке тартылды.
«Бұл іс-шара, ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуге, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайтуға бағытталған. Осындай рейдтер барлық жерде жүргізіледі. Полицейлердің үйлесімді жұмысы – азаматтарымыздың тыныштығының кепілі», - деді, Наурызбай аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Жақыпбаев.
—————————————————————————-
Съемные комнаты, прилегающие к рынку, проверили полицейские Алматы
Выявление нарушений регистрации граждан по месту жительства, правил благоустройства, правил хранения оружия, раскрытые имущественные преступления и многое другое – итог однодневного рейда по Наурызбайскому району Алматы.
Локальные рейды по частному сектору, примыкающему к крупному рынку, проведены в рамках оперативно-профилактического мероприятия «»Правопорядок.
Только на одной улице во время проверки выявлен ряд нарушений: 54 административных протокола составлено по ст.492 КРКобАП - нарушение регистрации граждан по месту жительства.
46 нарушений выявлено по ст.505 КРКобАП - нарушение правил благоустройства, 6 из них допущены юридическими лицами.
За распитие спиртных напитков в общественном месте и появление в состоянии алкогольного опьянения задержано 23 человека. По указным эпизодам составлены протоколы по ст. 440 КРКобАП.
Также выявлены нарушения в части хранения и регистрации оружья – по ст. 486 КРКобАП привлечены к ответственности 3 человека.
«Данная отработка, прежде всего, направлена на пресечение нарушений общественного порядка, недопущение правонарушений в общественных местах, а также укрепление принципа «нулевой терпимости». Аналогичные рейды проводятся повсеместно. Слаженная работа полицейских - залог спокойствия наших граждан», - резюмировал начальник Управления полиции Наурызбайского района полковник полиции Дидар Жакипбаев.
1 view
596
170
3 months ago 00:01:37 1
Алматы полицейлері мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдаулы
3 months ago 00:00:32 1
Алматыда вейп сататын орындар жойылды
4 months ago 00:00:44 1
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында іс-шара өтті
5 months ago 00:00:19 1
Шетелдік азамат Алматының полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді
5 months ago 00:02:03 1
Алматы полицейлері автотұраққа қойылған мопедтерді көрсетті
10 months ago 00:01:10 1
Алматы полицейлері әйнектерін қараңғылаған көліктерді анықтайтын құрылғыны пайдалануда
11 months ago 00:00:45 1
Алматы полицейлері екі ұрлықтың бетін ашты
11 months ago 00:01:22 1
Алматы полицейлері шетелдіктерге қатысты қарақшылық шабуылдың бетін ашты
11 months ago 00:01:18 1
Алматы полициясына жаңа көліктер табыс етілді
12 months ago 00:01:01 1
Кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық блиндажда жасырынып жүрген
1 year ago 00:03:18 1
Алматы полицейлері базарға іргелес орналасқан жалға берілетін бөлмелерді тексерді
1 year ago 00:00:59 1
Алматы облысының полицейлері бопсалаушылар тобын әшкереледі
2 years ago 00:02:31 1
ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсуге құжаттар қабылдануда #СҚО_ПД #ДПСКО
3 years ago 00:00:00 2
5. ЖУРНАЛИСТА ДК АЛМАТЫ СУДЯТ ПО СТ 378 ч.2 УК РК
3 years ago 00:02:02 1
Алматы полицейлері 5 мыңнан астам есірткіге қарсы ақпараттық жадынамаларды таратты
3 years ago 00:01:03 1
Алматы полициясы интернет - алаяқтар туралы бірқатар анимациялық роликтер шығарды
5 years ago 00:01:24 2
Алматы облысының арнайы жасақ тәртіп сақшылары «Қамқордағы» балаларды мерекемен құттықтады
5 years ago 00:00:57 6
Алматы облысының жолдарында “Көкпар“ ойынын ойнағандар жауапкершілікке тартылды
5 years ago 00:01:00 4
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МАЛДАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ
5 years ago 00:01:01 13
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ САТУШЫДАН ІРІ КӨЛЕМДЕ ГАШИШ ПЕН МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕНДІ
6 years ago 00:02:16 5
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ПӘТЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУШІЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТТІ
6 years ago 00:02:33 13
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРДЫ “ЖЕҢІС КҮНІ“ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!
6 years ago 00:02:33 57
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
6 years ago 00:01:55 84
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ» ҚАРСАҢЫНДА САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ