8 жасар қыз өлімі: құтқаршылар қайда болған?

Балаларға арналған жазғы демалыс лагерінің жұмысы тоқтатылмайды. “Хан Шатыр“ бассейнінде қайтыс болған 8 жастағы қыздың өліміне қатысты бас педагог Күләш Шәмшидинова осындай мәлімдеме жасады. Кеше шомылып жүрген бір топ бала бір-бірін суға тұншықтырып ойнаған деген ақпар тараған еді. Алайда, ол мәліметті еліміздің бас полицейі растаған жоқ. Жеткіншек өлімі тіркелген бассейннің тереңдігі 50-60 см болған. Ол жерде оқушылардың жанында ата-аналары мен лагерь жетекшілері де болыпты. Оқиғаға кім жауапты? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top