Кәмелет жасына толмаған баланы іздеу жұмыстары басталып кетті. Ювеналдық полиция инспекторлары қала аулалары, көшелер мен құдықтарды тексерді. Баланың баруы мүмкін орындары тексеріліп, көршілер мен жолаушылар сұрастырылды.
Іздеу шаралары барысында түнгі уақытта полицейлер баланы көшеден тапты. Тәртіп сақшылары кәмелеттік жасқа толмағандардың осы уақытқа дейін қалада қыдырып жүргенін анықтады.