«Назарбаевтардың» 785 миллион долларлық сарайлары

Каналға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 kaspi Елдегі байлықтың 55%-ы бар болғаны 162 адамның қолында екенін айтудан жалықпаймын. Оның ішінде көп бөлігі Назарбаевтың отбасы, туыстарына тиесілі екенін айтпасам да белгілі. Кеше Азаттық радиосы “Назарбаев әулетінің шетелдегі зәулім сарайлары” туралы, олардың жалпы құны туралы өте маңызды зерттеуін шығарды. Зерттеуде олардың мүлкінің бір бөлігі ғана қарастырылса да, әулеттің соңғы 20 жылда АҚШ және Еуропа елдерінде жылжымайтын мүлік алуға 785 миллион доллардай қаражат жұмсағаны жазылған. Бүгінгі шығарылымда осы материалға сүйеніп, Назарбаев әулетінің зәулім үйлерінің орналасқан жері мен құнына назар аударатын боламыз. Азаттық радиосы “Назарбаев әулетінің шетелдегі зәулім сарайлары”, авторы Сара Алихан және Майк Эккель
Back to Top