Бір топ комсомолдық Қазақстанның егіндік даласында “Май-балық“ совхозын құрады. Егін даласының болашақ қаһармандарының ішінде жеңіл ойлы бір жас жігіт бірінші күннен ерекше көзге түседі. Ол Женка Омега есімді жас жігіт. Совходағы бірінші күнінен бастап “ерліктер“ жасайды: резіңке етіктерін гитараға айырбастайды, жұмыстан қашпақ болады, трактористер курсынан қашып кетеді. Совхоз басшылығы мен жолдастар Омегаға тракторды сенуге болмайтындығын түсінеді, дегенменде жігіттің қарсылығына қарамастан оны сутасушы етіп тағайындайды.
Уақыт өтеді. Барлық бригадаларда сыйлы қонақ бола бастаған соң, өзінің ісіне деген құрметі де арта түседі. жақын арада жас жігітті жаңа бір сынақтар күтіп тұр. Сүйген қызы Ольга жүрегін жас қазақ тракторшы Ыдрысқа береді. Махаббаттан жолы болмаған Омега, алғаш рет өз ісінің қуанышына кенеледі. Тракторшы болған ол егіндіктің соңғы телімін жыртады.