Алматыға арнайы ұшақпен 12 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді

Медициналық жабдықтар Алматы облысы мен Алматы қаласының COVID-19 індетімен күресіп жүрген медицина және полиция қызметкерлеріне, сосын төтенше жағдай департаментінің мамандарына беріледі. Онда жоғары сапалы медициналық қорғаныш құралдары бар. Нақтыласақ, медицина қызмектерлеріне арналған 12 мыңнан астам қорғаныш киімі, 320 мың дана маска, алты мыңнан астам респиратор, 7 мың қорғаныш көзілдірігі және 440 мың қолғап пен 3 мыңнан астам инфрақызыл термометр бар.
Back to Top