КОБРА ДЕГЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН БҮКІЛ БАНДИТТАР ҚОРҚАДЫ | Кобра 1986 фильм | Кино шолу

Бүгін біз 1986 жылы шыққан “Кобра“ деген боевик киноға шолу жасаймыз.Басты кейіпкер Сельвестр Сталоне.Бейнемізді аяғына дейін көрейікші. Ао ондай болса кеттік... Кино басында бір сектанттық ұйымды көреміз.Олардың арасында мемлекеттік қызметте жүргендер де жүреді.Бірден осындай ұйымның бір мүшесі келесі күні дүкенге кіреді.Сауда үйінің ішіне кіріп,өзін дөрекі етіп көрсетеді.Сауда үйінің қызметкері жаңағы жігітке жақындап,сізге көмек керек пе деп сұрайды.Сонда әлгі жынды жігіт,қаруын алып бет жоқ бәрін ата бастайды.Бірден артынан полиция қызметкерлері жетіп келеді.Олар өздерінше қылмыскермен сөйлесіп көрмекші.Ешкім сізге тиіспейді.Шығыңызшы.Сөйлесіп көрейік деп жатыр.Жаңағы қылмыскер сауда үйіндегі бір жігітке келіп,бара бер деп айқайлайды.Әлгісі аяндап жүріп,сосын жүгіре бастап еді,қылмыскер оны өлтіріп тастайды.Біраздан соң,сауда үйінің қасына керемет классика көлікпен Кобра деген жігіт келеді.Басты кейіпкеріміз еді.Сосын өзі жалғыз білдіртпей сауда үйінің ішіне кіріп кетеді.Ақырын ғана қылмыскер жігіттің қайда жүргенін қарап алады.Қылмыскер жігіт ашулануда.Мен бәрін өлтіремін,жақындамаңдар ешкім деп тұр.Осылайша кенет Кобра жетіп келеді.Әлгі жігіттің қолында жарылғышы бар екен.Қазір бәрін жарамын деп қорқытып тұр.Кобра қаруын қоя салады да,сосын пышағын алып шығып, оған лақтырып қалады.Сосын қаруымен оны бірнеше рет атып түсіреді.Жарылғышы қолында тұр екен.Кейін бұл жерге журналистер жетіп келеді.Олар Кобраға атыла бастайды.Қылмыскер болса да,сот алдында жауап беру керек еді,неге оны өлтірдіңіз.Сіздің құқыңыз бар ма деп жатыр.Сонда Кобра ашуланып,бір журналистің жағасынан ұстап,өліп қалған адамдарды көрсетеді.Бұлардың құқығын кім ойлайды деп қалады.Кейін Кобра үйіне келеді. Қараса өзінің көлік тұрағына біреулер тұрып алыпты.Әрі жылжы десе,өздерінше қатайып тұр.Кобра болса,көлігімен оның көлігін итеріп орынға тұрып алады.Әлгі жігіттер болса атып шығады.Бірақ Кобраға түк те жасай алмайды.Кобра үйіне кіріп пицца жеп,теледидар көріп отырады.Сонда жаңалықта тағы да қылмыскердің пайда болғанын айта бастайды.Арасында олардың Лидері бар екен.Бірақ есімін айтпайды.Түнге қарай жаңағы ұйымның қылмыскерлері бір әйелге шабуыл жасайды.Өздері еріккендіктен осындай әйелдерді ұстай ма бірдеңе.Полиция бөлімшесінде бұл істі қозғап жатады. Кобра да сонда жүр.Осы полиция бөлімшесінде жұмыс істейтін бір әйел бар еді.Ол да сектант.Осы түні тағы да мына әйелмен бірге қылмыскерлер жолда біреуге атылады.Лидері өзі арнайы пышақ ұстап жүреді екен.Жолда Ингрид деген әйел кетіп бара жатады.Сонда ол әйел қылмыскердің басшысын көріп қалады.Түрінен шошып кетеді.Айтпақшы бұл әйел Рокки 4 те,Иван Драгоның әйелі болып ойнаған актриса еді.Ингрид шошып кетіп қалады.Ал біраздан кейін бұл жерге полиция қызметкерлері келеді.Осы түні Кобра мен оның досы сержант Гонсалес деген жігіт екеуі көшелерді қарап шығу үшін шығады.Жұрттардан қылмыскерлерді сұрастырып көреді.Ингрид өзі модель еді.Түнге қарай Ингрид өзінің әріптесімен жұмыстан шығып бара жатыр еді,кенет жаңағы қылмыскерлер бұларға атылады.Ингридтің әріптесін өлтіріп тастайды.Ал Ингрид қашып кетеді. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов
Back to Top