Ханафи ғалымдары бойынша сақалдың бір тұтам ұзындықта болуы – сүннет(Әл Бахрур Раиқ, Хашяту Ибни Абидин – 3/20 бет, Фатхуль Бари, Бабу: тақлимуль азфар – 5892 хадис.). «Бір тұтамнан артығын алу керек, одан артығын алмау күнә» дейтін ханафи ғалымдары да бар(Әл маусуғатуль Фиқһия – 35/225 бет. Кувейт). Ал одан қысқа етіп алу немесе мүлдем қырып тастауды үндістандық яһудилер мен мәжусилердің ісі деп, дұрыс саналмаған(Ибн Абидин, Раддуль Мухтар – 3/398 бет; Әл Айни, Умдатуль Қари, - 22/46-47 бет, 108, 109 хадис.).
Мәлики мәзхабында сақал қою – уәжіп. Оны қырып тастау – харам. Алайда халық арасында әдетке айналған мөлшерден тым ұзарып өсіп жатса, онда оны қысқартуға болады. Түр-әлпетті әдемі көрсететіндей жарасымды етіп қысқарту керек(Әл-Фәуәкиһ әд-Дуани: Бәбу фил Фитрати уәл Хитани).
Шәфиғи мәзхабында Имам ән-Нәуәуи, Имам әр-Рафиғи, Қазы Айяз сынды беделді ғұламалар сақалды қыру – мәкруһ (ұнамсыз) әрекет, бірақ харам емес деген. Шәфиғи мәзхабында ең дұрыс деп қабыл етілген пәтуә да осы(Әл маусуғатуль Фиқһия –