31 арнаның мерейтойына арналған концертке шақырамыз!

Көрген де арманда, көрмеген де арманда! Бұл жолы шымкенттіктер қазақтың нар тұлғалы азаматтары, сегіз қырлы бір сырлы, әнші, биші, композитор, бір басына өнері жетерлік «Орда» тобының жігіттері мен «Мен қазақпын», «Міне, біздің жігіттер» деп ерекше стильде ән салатын Ерболаттың өнерін тамашалайтын болады! Әншілердің Шымкент сахнасында халыққа тегін концерт беруіне себеп – «31 арнаның» 20 жылдық мерейтойы! Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары оңтүстік өңірдің аспанын әнмен тербемек!
Back to Top