«Азамат.KZ» бағдарламасының «Елім деп соққа жүрегі» рубрикасында -- ХХХ жазғы Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Марина Волнова. Ол Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Жастайынан ауыл балаларымен доп қуып, отбасында төрт ағасының арасында тәрбиеленген Марина болашақта спорттық жолға түсемін деген арманының орындалғандығын айтады.