Бейбіт бауырым

Б А У Ы Р!!! Бір ананың құрсағында жатып, бір кеудеден сүт еміп, тай құлындай тебісіп өскен ең қымбат жан. Өмірде бауыр қымбат болады екен. Бүгін жарыс күні. Жұма намаздан келдік, “Бір сағат демалып алайық“-дедім мен. Сосын жолға шығамыз, айтпақшы адресін қарап қойшы неше уақытта жетеміз? “Бір сағаттан асады Аға“- деді Бейбіт. _ Үйден шыққан бойда ақ тұлпармен құстай ұшып, жарыс алаңына да келіп жеттік. Спортшы жігіттер бізден бұрын келген екен. Шетінен қыздырынып дайындалып жатыр. Түйенің жарты етіндей болған Американдық сары жігіт, тақыр басынан аққан терге қарамай қарсы алдындағы спортшының қолын əдемілеп орауда. Бөлмеде ауа жоқ. Жүрек қысылады. Анау бұрышта басты жекпе-жекке шығатын Бразилиялық жігіт алысқа зер салып жамбастап отыр екен. Тәртіп бойынша алтыншы жекпе-жекте біз шығады екенбіз. “Киімдерді ауыстырып қыздырынайық Бекош“- дедім. Уақыт жақындаған сайын алдымызда не күтіп тұр екен деген ой, мазалай береді. Жаңа ғана уатсап арқылы Алматыдағы үлкен ағам Қанатпен сөйлесіп: “дұға жасаңыздар аз уақыт
Back to Top