Лондондағы қазақ жастары қамаудағы алматылық белсенділерді қолдады
Лондонда оқып жүрген қазақстандық студенттер 25 сәуірде Алматы марафонында баннер ілгені үшін қамалған жастарды қолдап акция өткізді. Шараға қатысқан жастың бірі Азаттыққа “жиырмаға жуық студент Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің алдына келіп, қамауда отырған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етті“ деді.
Жастар елшілік алдында “Әсия мен Бейбарысқа бостандық“, “Өз президентімізді өзіміз таңдағымыз келеді“, “Сайлау болады, таңдау болмайды“ деген жазу жазылған плакаттар ұстап тұрған.
Алматы әкімшілік соты 21 сәуірде қаладағы марафон кезінде жол бойына “Шындықтан қашып құтылмайсың“ деген жазуы бар баннер ілгені үшін жергілікті белсенділер Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке қамаған. Баннерде “#меніңтаңдауымбар #adilsailayuzhin“ деген жазулар да болған. Төлесова мен Толымбеков баннерді 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жұрттың назарын аударып, сайлауды әділ өткізуге шақыру мақсатында ілгендерін айтқан.
Әсия Төлесова сот шешіміне наразылық ретінде әкімш
6,912 views
76
10
5 months ago 00:16:56 1
Жақиянов, Қажыгелдин, Рысқалиев, Мусин Қазақстанда не ұйымдастырмақ
11 months ago 00:12:55 1
Смағұл Елубай - Қазақстанның халық жазушысы, “Біздің дәстүрлі дініміз фанаттардың діні емес“
3 years ago 00:00:49 19.1K
Лондондағы қазақ отбасы ұлттық киім үлгісін насихаттады
3 years ago 00:14:54 307
Лондон трибуналында жылаған қазақтар - AzatNEWS
6 years ago 00:00:43 6.9K
Лондондағы қазақ жастары қамаудағы алматылық белсенділерді қолдады
9 years ago 00:06:20 1K
Лондондағы намазхан қазақ
9 years ago 00:00:30 39
28 қараша 09:00-де Лондондағы «Сенбілік таңды» көріңіз!