Павлодар облысында полицейлер көл басындағы жұртқа оқ атты

#КТКжаңалықтары Павлодар облысында көл басында күл жинаған жұртқа полицейлер оқ атты. Оқиға Ақсу ауданының Береке ауылы маңында болған. Тәртіп сақшылары көл басында «микросфера» деп аталатын күлді жинаған жергілікті тұрғындардың жолын кеспек болыпты. Тіпті күш қолданып, біреуін тұтқындауға әрекеттенген. Алайда ол азаматқа басқа жерлерлестері жақтасып, арты үлкен айқайға ұласты. Қазір осы жайтқа қатысты қылмыстық кодекстің қос бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. #Павлодароблысы #көл #атыс
Back to Top