Елордалық ауруханада коронавирустан емделіп жатқан белгілі журналист, қоғам белсендісі Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Бүгін таңғы сағат -да оның ұлына дәрігерлер хабарласып, әкесінің өмірден озғанын хабарлаған. Қуандық Шамахайұлының көз жұмғанын Қалалық денсаулық cақтау басқармасы растады. Басқарма мәліметінше, ол 23 маусымда жедел жәрдем қызметі COVID-19 деген күдікпен 1-ші көпсалалы қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізіпті. Дәрігерлер оған ауыр дәрежедегі екіжақты полисегменталды пневмония диагнозын қойып, емдеу шаралары клиникалық хаттама бойынша жүргізілген. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлапты. Ал, бүгін таңға жуық жүрегі тоқтап қалған. “Өлімнің себебіне қатысты тергеу жүргізілуде, нәтижесі туыстарына хабарланады“, - делінген хабарламада.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
1 view
4
1
4 years ago 00:00:50 8
Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды
8 years ago 00:10:52 12
мАСҚАРа шоу. Театр одного актера. Аскар Наймантаев.