Төлеген Момбекеов “САЛТАНАТ “ күйі

ТӨЛЕГЕН МОМБЕКОВТІҢ ӨЗІНІҢ ОРЫНДАУЫНДАҒЫ “САЛТАНАТ“ КҮЙІ Көпшілік арасында кеңінен танымал Қаратау күй мектебінің өкілі, дәулескер күйші Төлеген Момбековтің “Салтанат“ күйі жайлы бүгіндері барша қазақ біледі. Осынау бір күй адамның күні бойы сөзбен айтып жеткізе алмайтын сырын, мұңын тілсіз екі шектің мақамымен әр кеудеге құйып береді. Күйші тілсіз құдірет күйі арқылы миллиондаған қазақтың жүрегінен орын алып, әрқайсысының кеудесіндегі өкініш, күйініш, жанашырлық сынды асыл сезімдерін қозғайды. “Салтанат“ күйін әр тыңдаған са­йын кеудемізді өксік аралас мұң басып, жүрегімізді сыздататыны осы күйдің құдіретінен демей не деуге болады?! Күйдің шығу тарихы былай болған еді: 1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне
Back to Top