«Опмай» мен «Зың-зыңға» тоқтау жоқ па?

«Атың өшкір кредит», «Зың-зың», «Че там, қарындас?». Дым мағынасы жоқ, жеңіл-желпі , арзан, тыңдаушының құлағын тесер әндердің дәурені жүріп тұр қазір. «Әу демейтін қазақ жоқ» екен деп, бүгінде екінің бірі әнші болып кеткендей. Не жазды, халыққа не ұсынды, оны бақылап жатқан ешкім жоқ. Содан күніге жаңадан бір ән шығып жатыр, бірақ сапасы сын көтермейді. Ал композиторлар «қазақтың тойы барда, мұндай әндер өмір сүруін тоқтатпайды» деп кесіп айтып отыр. Сонымен өрге емес, орға домалаған өнердің басында тұрған кім? Мамандармен тілдесіп, мағынасыз әндердің топтамасын тілшіміз жасап көрген еді. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top