Түнгі рейдтер, дала жолдарындағы тексерулер және бейнекамераларды орнату жұмыстары. Өңірде “Астық-2023“ жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Мобильді топтар егістіктер мен астық қоймаларын үнемі қадағалауда. Мамандар астық жинауға байланысты қылмыстардың алдын алуға баса назар аударып отыр.