14 қараша 2017 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина университетінің студенттері “Бақытынмен бөліс - Поделись счастьем“ атты акция өткізді. Акция мақсаты қоғамдық көліктегі жолаушылардын көңілін көтеру болды. “Көтерінкі көңіл күй мықты денсаулықтың кепілі“ деген ұстаныммен автобуста халық арасында кең тараған әндер шырқалды. Автобустағы жастар мен орта буын студенттердің бастамасына қуана қосылып, бірге ән шырқады. Оқудан шаршанқыраған студенттер халықтың көңілін көтерумен қатар өздері де сергіп қалды. Өмірдегі үлкен істер кішкене қадамнан басталады. Жүрген жерлерімізде ортамызға жарқын көңіл күй сыйлап жүрейік, достар.