Мұғалімдерді енді ешкім күштеп жұмысқа жекпейді

Бұдан былай мұғалімдер көшеге шығып қоқыс жинап, пайдасы жоқ іс-шараларға баруға міндеттелмейді. Бұл талапты ескермей, ұстаздарды өзге жұмысқа жеккендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Педагогтардың мәртебесі қаралған Мәжіліс отырысында осындай деректер белгілі болды. Әр сенбіде қолына қап ұстап, қоқыс жинайтын, қызықсыз концерттерге билет алуға міндеттелетін мұғалімдерге тағы қандай жақсы жаңалық бар? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top