ПЕТРОПАВЛ Қ.ӘКІМДІГІНДЕ “I-КӨМЕК“ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Орталық тәулік бойы жұмыс істейді. 24 сағат ішінде операторлар 300 қоңырау қабылдады. Айта кеткен жөн, орталықтың негізгі мақсаты қала әкімдігі мен халық арасында тікелей байланыс орнату. Осылайша, тұрғындар өз ТКҮШ бөліміне қатысты сұрақтарын операторларға жеткізіп, тиісті жауап ала алады. Айта кеткен жөн, мұндағы мамандарға интерактивті карта көмекке келеді. Электрондық сызбада абаттандыру жұмыстары өткен, жоспарланған аулалар белгіленген. “I-КӨМЕК“ орталығы қаланы цифрландырудың озық белгісі деуге болады. Мұнда тұрғындардың өтініштері қабылданып, маңыздылығына сәйкес сұрыпталынады. Бұл тың жүйенің артықшылығы ашықтық. Диспетчерлік қызметтің нөміріне петропавлдықтар хабарласа алады. Күн сайын электрондық карта жаңа деректермен толықтырылып келеді. 1-2 айдан соң, барлық тиісті мағлұмат толықтай енгізіледі. Әзірге, қаланың қызметтері бағдарламаны танысып, арнайы оқу курстарынан өтпек.
Back to Top