Үкіметтік комиссия: 1-маусымнан бастап блок-бекеттер алынады, бірақ...

#КТКжаңалықтары Алдағы дүйсенбіден бастап блок-бекеттер алынады! Үкіметтік комиссия бүгін осындай шешім шығарды. Бірақ бұл бүкіл көлік қалаған жеріне бара береді деген сөз емес. Тек облысаралық және халықаралық жолаушылар қатынасына жол ашылып отыр. Ал қала маңындағы ауылдарға немесе облыс ішінде ауыл арасында арлы-бері қатынау тоқтатылуы мүмкін. Себебі, өңірде коронавирус ушыға бастаса, облыс басшылығы немесе санитар дәрігері қайтадан қатаң шешім қабылдай алады. #Қазақстан #карантин #блокбекеттер #тұрғындар #қазақстандықтар
Back to Top