Аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

Ислам – тазалыққа негізделген дін. Тазалық – дініміздің ең басты қағидаларының бірі. Әрі көптеген ғибадаттардың қабыл болуы осы тазалыққа тікелей байланысты. Мұсылманның ең абзал құлшылығы намаз екені баршамызға аян. Алайда сол намаздың дұрыс болуы үшін, денеміз, киіміміз және намаз оқитын орнымыз нәжістен таза болуы шарт. Алла Тағала Құранда «Киіміңді тазала»(«Муддассир» сүресі, 4-аят.) деген. Егер осы аталған үшеуінің бірі таза болмаса намазымыз да дұрыс болмайды. Әнас бин Мәліктен (оған Алла разы болсын) Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Аяқ киіммен намаз оқитын ба еді?» деп сұралғанда, «иә» деп жауап берген(Имам Бұхари). Демек аяқ киіммен намаз оқуға болады. Алайда аяқ киім нәжістен таза болуы шарт. Әбу Сағид әл-Худридан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалармен намаз оқығанда аяқ киімін шешті. Оны көріп басқалар да аяқ киімін шешті. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазын оқып болған соң: «А
Back to Top