Текелі тұрғындары шаһарға су мен кәріз жүйесін тартқан мердігер мекемеге наразы. Әрі жұмысты бақылауға алмаған жергілікті билікті кінәлап отыр. Көшелерімізді қазып, жүретін жолымызды құртты. Арықтарды да көміп тастады, - дейді. Соның салдарынан таудан аққан су аулаларына жайылады екен. Әсіресе, күз бен көктемде қиналатындарын айтады. Арнамызға хабарласып, көмек сұраған Алматы облысы тұрғындарының шағымын тілші тыңдап қайтты.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан